$ 447.4  477.55  4.76

«Гранттарды сатып алған»: Астанадағы медуниверситеттен үлкен дау шықты

"Астана" медициналық университетінде шу шықты. Білім және ғылым министрлігінің екі бірдей тексеруінен кейін оқудан 117 студент шығарылған. Олардың барлығы да магистратураға, резидентураға және докторантураға түсер кезде қолдан жасалған IELTS сертификатын пайдаланған деп жазады Хабар-24 телеарнасы.

Университеттегі тексеріс былтыр күзде басталған болатын. Ол кезде емтиханды өз күштерімен тапсырған студенттер сынақтың әділетсіз өткенін айтып, министрлікке шағымданған. Яғни, грантты сатып алғандар болды дейді.

Бірінші тексерістен кейін министрлік университет басшылығына заң бұзғандарды жауапқа тартуды тапсырған. ЖОО әкімдігі болса грантты сатып алған студенттер туралы деректерді ІІД-ге өткізіпті. Десе де, сот шешімі шықпайынша олар ешкімді оқудан шығармаған. Ал, араға жарты жыл салып министрлік жанынан құрылған комиссия университетке тағы келді.

"Комиссия жұмысының барысында бізге бірінші тексеруден нәтиже шығармадыңдар деген ескерту айтылды. Артынша біз қалған 84 студентті оқудан шығарып жібердік. Енді олар осы уақытқа дейін мемлекеттен алған ақшаларын кері қайтарулары керек. Бізде тек 9 студенттен басқасының бәрі грантта оқыған болатын", - дейді медуниверситет проректоры Франц Галицкий.

Ал, жалған IELTS сертификаттарын тапсырғандардың үстінен бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалыпты. Босаған гранттар болса енді ақылы негізде оқып жатқан студенттерге үлестіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары