$ 448.15  483.46  4.86

«Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері «Абай жолы» романының авторын білмей масқара болды (ВИДЕО)

Qazaqstan телеарансынан шығатын «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері Гүлнұр Оразымбетова мен Данияр Есен «Абай жолы» роман-эпопеясының авторын білмей масқара болды. Масқарасы сол, олар студияға келген оқушылардың Мағжан Жұмабаев деген сөзін Мұхтар Әуезов деп түзей алмады.

Желіде дәл осы сәттің видеосы кең таралып кетті. Журналистердің бірі тележүргізушілердің бұл қателігі тіпті ұят деп жазады.

«Қарғаның көзін қарға шұқымайды» деген бар ғой. Бірақ, айтпасқа, салмасқа дәтім шыдамады! «Таңшолпан» бағдарламасына Астананың, мүмкін бүкіл елдің шығар, әйтеуір, ең үздік оқушылар шақырылыпты. Ең үздік! «Соңғы рет оқыған кітаптарың?» деген сұраққа қатқан үздіктің жауабы: «МаРжан Жұмабаевтың «Абай жолы». Екі томын аяқтап, үшіншісін бастаудамын» депті. Жарайды, мүмкін камера алдында бала ғой қателескен болар. Бірақ, бағдарлама жүргізушілері неге түземейді? Дүйім жұрттың алдында «Мұхтар Әуезов дегің келген болар» деп іліп әкететін реті еді-ау... Әлде олар да «Абай жолы» романын кім жазғанын ұмытты ма? Тікелей эфирде сасып қалды ма? Бірақ, «Абай жолын» оқымаған, одан қателесетін қазақ жоқ шығар, сірә... Мағжанды Маржан деуі бөлек әңгіме енді», – деп жазады Гүлнәзия Мейірханқызы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары