$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда инновациялық жылыжай кешені ашылды

Алматылық ғалымдар енді жыл он екі ай топырақтың көмегінсіз-ақ жеміс алатын болады. Иә, көшетті жерге отырғызбай да ағаш өсіруге болатынын бұған дейін Еуропа мен АҚШ-тың және Жапонияның ғалымдары іс жүзінде дәлелдеп, өз елдерінде мұны табыс көзіне айналдырған болатын. Ал, осынау істі Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Диас Тастанбек жүзеге асырып жатыр.

Диас Тастанбеков аэропоника әдісін ұзақ зерттеп, ақыры ойын жүзеге асырды. Ол озық елдердің тәжірибесін елімізге әкеліп, тиімді әрі табиғи көкөніс өсіруге болатынын айтады. Топырақсыз өсе беретін көкөністер шығынсыз әдіс саналады. «Кез келген көкөністі үйде, тіпті пәтерден шықпай-ақ бөлме ішінде өсіруге әбден болады», – дейді жас ғалым. Мұндай технология Америка, Жапония, Сингапур, Малазия сыңды мемлекеттерде кеңінен қолданылып келеді. Диас Тастанбеков – 2017 жылы Қазақстанның «100 жаңа есімі» тізіміне енген 18 ғалымның бірі.

Диас Тастанбеков, ғалым:

- Егер өсімдікке қажетті орта қалыптастыра білсек, яғни көмірқышқыл газы, жылу, су және қорек берсек, кез келген көкөністі жылыжайда өсіруге болады. Бұл технология өте тиімді, шығыны аз, бірақ мол өнім алуға болады.

Диас «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтаған соң бір жылдан кейін Назарбаев Университет – Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) зерттеу орталығына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты, бұнда күн қуатымен жүретін батареяға арналған полимердің медициналық табиғи жолмен ыдырайтын және жартылай өткізгіш деген екі түрімен айналысты.

4 жылдан соң ол NURIS-ден кетіп бір жылдан соң ҚБТУ-де «Альтернативтік полимер материалдары» жекеменшік зертханасының меңгерушісі болады,  ҚБТУ мен ҚазҰТУ (Политех) біріктірілгеннен кейін зертхана жаңадан құрылған университет – ҚазҰЗТУ-ге көшеді, ол осы жерде бүгінге дейін жұмыс істейді.

Кіші ғылыми қызметкер болып істеген кезінде Диас өз жобаларымен айналыса бастайды: сөйлейтін қоқыс жәшігі (жоба Армана Сулейменовтің І Startup School-да 1-орын алды), бейне-ашық хаттар, тапсырыс бойынша 3D-басып шығару, аэропоника (өсімдіктерді топырақсыз автоматтандырылған өсіру). Соңғы жобасымен Диас Startup Bolashak-ге (1-маусым) қатысып, жеңіледі.

Бірақ 2016 жылы қайта (2-маусым) қатысып, 2-орын алады: жобаны жүзеге асыруға жеке инвесторлардан грант және инвестициялар алады. Қазір жоба Алматыда және Қарағандыда жүзеге асырылуда.Бүгінде Диас өзінің докторлық жұмысына арнауды жоспарлап отырған ең ірі жобасы–остеосинтез үшін табиғи ыдырағыш импланттарға тапсырыс дайындауда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары