$ 446.49  475.38  4.79

Соңғы үш жыл ішінде Алматыда 19 мың орынға арналған 500 бала-бақша ашылды

Бүгін Республика сарайында жаңа оқу жылы қарсаңындағы Алматы қаласы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Қала әкімі Бауыржан Байбек мұғалімдермен кездесуінде соңғы бес жылда қаламызда білім беруді қаржыландыру 27 млрд. теңгеге немесе 37%-ға өскенін айтты. Өз кезегінде бюджет биылғы жылы 72,5 млрд. теңгені құрады.

Оның сөзінше, білім берудің инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биылғы жылы құрылыс пен күрделі жөндеуге 17 млрд. аса теңге бөлінді.

Сонымен, 1840 орындық 9 мемлекеттік бала бақшаның құрылысы жүргізіліп отыр. Жаңа оқу жылында тағы 840 орындық 4 мемлекеттік балабақшаның құрылысы басталмақ.

№26 мектептің ескі ғимараты қайта жөндеуден өтті. 90 орынға мемлекеттік түзету балабақшасы ашылды. Аалату ауданында жалғастыра салынған 600 орындық №151 мектеп пайдалануға беріледі. Екінші оқу тоқсанының басында мұнда 600 орынға мектеп және әрқайсысы 400 орындық №184 пен №185 мектептерге жалғастыра салу құрылысы ашылады.

«Жаңа оқу жылының басында Наурызбай ауданында инклюзивті оқытуға арналған 1200 орындық заманауи мектеп-гимназия ашылады. Мектеп қажетті жабдықтар – қолжаттам төсеніш, лифт, арнайы санитарлық бөлмелер, түймелі шақырулармен жабдықталған. Физикалық мүмкіндіктері бойынша балаларды бөліп жармай, оларға жалпы коммуникативтік орта құра отырып, біз өте маңызды міндетті шешеміз – яғни кішкентайынан бастап шыдамды мінез-құлық қалыптастырамыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде Алматы қаласында 18 790 орынға арналған 483 мемлекеттік және жеке-меншік бала-бақшалар салынды. Сол кезеңде 8698 балаға арналған 3 мемлекеттік және 9 жеке-меншік ғимараттар салынды. Сонымен қатар, қала басшысы мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығына да тоқтала кетті. Мысалы, орта мектептерде жетіспеушілік 17 мың орынды құрайды.

«Мұндай жетіспеушілік жағдайда тек бюджет қаражатымен шешуге болмайды. Сондықтан да біз мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін, әлеуметтік жауапкершілікті пайдалана отырып, бизнесті тартамыз. Тек соңғы 3 жылда Қалақұрылыс кеңесінде инвесторлар 9 мың орындық 71 балабақша салуға міндеттеме алды. Біз бұл тәжірибені жалғастыратын боламыз. Мысалға, «Базис-А» компаниясы 4 орталық жүктемелі мектептерге қосымша оқу корпустарын салады. Сондай-ақ, биылғы жылы 2,3 мың орынға 71 жеке балабақша мен 2,5 мың орынға 5 жеке мектептер ашылып отыр», - деп хабарлады ол.

Қала әкімінің сөзінше, балалардың қауіпсіздігіне қатты көңіл бөлінеді.

«Алматы тау етегінде орналасқандықтан ата-аналар мектептер мен балабақшалардың сейсмоқауіпсіздігіне алаңдайды. Біз тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Мысалға Наурызбай ауданында жоғарыда айтып кеткендей, сейсмоқауіпсіз талаптарға сай жаңа мектеп салынды. Мұндай жұмыс барлық білім беру нысандарында жүргізілуі тиіс. Өткен жылы біз бірінші рет 28 білім беру нысандарында сейсмокүшейту бойынша жаппай жұмыстар жүргіздік. Қазіргі таңда 4 мектепте сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін тағы 7 мектепте сейсмокүшейткіш жүргізіледі. Әрине, бұл жұмыстар оқу барысына әсер етпеуі тиісті, Басқарма мұны алдын ала ойластыру керек», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен белгілі болғандай, Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында соңғы үш жылда 37 жатақхана салынатын болады. Қазір 4 мың орынға 7 ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі. Және, Елбасының «7-20-25» бағдарламасы бойынша Алматыда 50% тұрғын үй салынады.

Сөз барысында Алматы қаласының әкімі адамның сана-сезімі тек білім беруді ғана емес, қоршаған ортаны да өзгертетінін атап өтті.

«Ашық, жайлы және қауіпсіз орта адамды тілдесуге, қайырымдылыққа, шығармашылыққа және позитивті әрекет жасауына түрткі болады. Бұл әрекеттер соңғы жылдары қаламыздың жаппай жаңаруындағы біздің жұмысымызды анықтап отыр. Осылайша, ашық түсініктегі жаңа алматылық қалыптаспақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы айтқандай. «Қала көліктер емес, адамдар үшін» орындалған принцип, біз қоғамда жайлылық пен қауіпсіздік туғызамыз. Қалалықтарға жаяу немесе велосипедпен қолжетімді қозғалыс ұйымдастырамыз. Ақырындап жайлы және қауіпсіз қоғамдық көлікті енгіземіз. Біз мөлдір, цифрландыруға негізделген экономиканы қалыптастырамыз», - деді ол.

Сонымен, соңғы үш жылда 524 көше, 800 км инженерлік жүйелер мен 1400 аула жөндеуден өтті. Магистралды көшелерде бірнеше қиылыстардың құрылысы жүргізілуде. Барлық жерасты өткелдерінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Үш жыл ішінде қалаға қосылған Аалатау және Наурызбай аудандары жаңартылды. Қаланың тарихи орталықтарының қайта жөндеу бойынша жұмыстары жалғасуда.

«Неге бір уақытта жасыл оазисі Атакенттен айналып кеткен? Бос жерлер асфальттанған, машина жинағы. Қаланың барлығы үлкен тұраққа айналған. 20 жыл ішінде қаладағы машиналар саны 10 есе ұлғайған. Әрине, бір жағынан бұл жақсы. Бірақ, бәрібір байқамай көліктер адамды жол бойына апарып, тар жаяу жүргіншілер жолына қысып, таза ауамызды «ұрлап» кетті. Біз бүгінде жүйелі түрде бұл жағдайларды өзгертеміз және ары қарай қаламызды жаңартатын боламыз», - деп сөзін аяқтады Бауыржан Байбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары