$ 449.58  486.94  4.86

Қызылордада бір ғана мектепте 21 бірінші сынып ашылған

Қызылордада бір ғана мектепте бірінші сыныптан 21 класс ашуға тура келіпті. Өйткені қалада бір білім ордасының өзінде 700-ге жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Ал бұл білім ұясы тек 1200 оқушы лайықталып салынған. Яғни, оқушылар саны орын санынан 3 есе көп деп мәлімдеді 31-арна.

Қаладағы оқушылар саны ең көп мектеп осы. «Мұрагер» деп аталатын үш тілді білім беретін мектепке биыл 3736 оқушы келді. Тіпті балалардың санының көптігі соншалық, алғаш мектепке келген оқушылардың өзі 21 сыныпқа бөлініпті. Ал ата-аналар бұл білім ұясының білім сапасы жақсы болғандықтан ғана қаланың түпкір-түпкірінен балаларымызды осында беріп отырмыз дейді. Дегенмен  жаңа мектептің керек екенін айтады.

Ал жаңа ғимаратқа мұқтаж екендерін мұғалімдердің өздері де мойындайды. Алайда олар орын санынан бала санының 3 есе көптігі білім сапасын төмендетпейді деп сенімді сөйледі.

ГҮЛБАНУ АЯПОВА, «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары:

– Биылғы оқу жылында сынып бөлмелерінің барлығы оқушының санитарлық-эпидемиялогиялық талапқа сай орналасқан. Оқулықта, сынып та, мұғалім де бәрі жеткілікті.

Ұзын саны 4 мыңға жетіп қалған бір мектеп оқушыларына 400-дей ұстаз білім береді. Ал шенділердің осы аумаққа жаңа мектеп салу жоспарлары болғанымен, құрылыс әзір басталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары