$ 448.89  477.93  4.76

Алматының ең адал ұстаздары анықталды

Алматыда дәстүрлі «Адал ұстаз» байқауы өз мәресіне жетті. Биыл екінші рет өтіп отқан шараға қала мектептерінен 12 мұғалім қатысқан.

Шараның басты мақсаты - мектептердегі ақша жинау секілді келеңсіздіктермен күрес және мұғалімдердің заң мен құқықтарды білуін қамтамасыз ету болып табылады.

«Бұл байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр өте жақсы нәтиже байқадық. Өте пайдалы ұсыныстар айтылды. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат форматында өтіп жатыр. Біздің ұстаздар, мұғалімдер өздерінің оқушыларына берген тәрбиесі арқылы сыбайлас жемқорлық деген зұлымдық екенін жеткізуі тиіс. Осы байқау сыбайлас жемқорлықпен біріге отырып күресуге болатындығын көрсетуі тиіс», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Генадий Данияров.

2 сағатқа созылған сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы бас жүлдеге №173 лицейдің мұғалімі Жанар Көпбаеваны лайық деп тапты.

1 орын №148 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жеткіншек Меңдіғалиевке бұйырды.

2-орынға №53 мектеп гимназиясының мұғалімі Еркежан Макешова мен №60 мектеп-гимназиясының мұғалімі Надежда Фендрикова тұрақтады.

3-орынды №33 мектеп-гимназиясының мұғалімі Әйгерім Шаймерденова, №178 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ғалымжан Шынасыл, №198 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Береке Кеңесова бөлісті. Лауреаттарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

«Бұл сайыстың «Адал ұстаз» деп аталуы тегін емес. Бүкіл адамзаттың екінші ұстазы Әл-фараби атамыздың «Тәрбиеден тыс берілген білім аса қауіпті» деген сөзі қазіргі таңда ұстаздардың кәсіби ұстанымына айналды. Сондықтан әр ұстаз тәпбие мәселесіне ерекше көңіл бөлуы керек. Әсіресе, ұстаз бойында негізгі қасиеттері - ұстаздың адалдығы, мақсат-мүддесіне адалдығы, өз кәсібіне адалдығы, оқушыларына адалдығы аса маңызды», - деді қалалық Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Әкімжан Сайлыбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары