$ 448.15  483.46  4.86

Облыстық ХІІ Абай оқулары байқауынан Жезқазғанның 2 студенті жүлделі оралды

«Абай тағылымы – халық даналығы». Осындай атаумен өткен облыстық ХІІ Абай оқуларынан Жезқазғанның 2 студенті жүлделі орындарға ие болды.

2018 жылдың қыркүйек айының 20-ы күні Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы 2006 жылдан өткізіліп келе жатқан «Абай тағылымы – халық даналығы» атты ХІІ Абай оқуларының марапаттау рәсімі өткізілді.

Салтанатты кештің шымылдығын Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Каленова Нұргүл Қасымханқызы ашты.

Ұлы Абай ескерткішінің алдында қолөнер заттармен бірге безендірілген «Абай дана, Абай дара қазақта» атты кітап көрмесі орын алған.

Кеш қазақтың ұлттық биімен өрбіп, Ұлы Абай ескерткішіне гүл табыстаумен басталды.

Әдеби байқауда Қ. Байжанов атындағы облыстық концерттік бірлестіктің әртістері Абай әндерінен шашу шашты.

ХІІ Абай оқулары 2 номинациядан тұрады: «Арнау» және «Эссе». Байқаудың мақсаты: тіл мәдениетін арттыру, шығармашыл жастарды анықтау, талант иелеріне қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, парасаттылықты дарыту болып табылды.

Абай оқуларына Қарағанды облысының 15-25 жас аралығындағы жастарынан барлығы 63 жұмыс түсті. Арнау – 32, Эссе – 31. Атап айтқанда: Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Шет, Балқаш, Нұра, Осакаровка, Жезқазған, Қаражал, Приозерск, Теміртау қаласы және Қарағанды қаласынан. Әділқазылар алқасына белгілі ақындар мен әдебиетшілер бар. «Арнау» номинациясы бойынша Бақытқали Мұсабеков, Салтанат Смағулова, Рауан Қабидоллин болса, «Эссе» номинациясы бойынша Куаныш Мақсұтов, Жанболат Баймұрынов, Ілияс Мұқай. Жұмыстар алдын-ала іріктеліп, жүлдегерлер анықталды.

«Арнау» номинациясы:

Гран-при – Мұхамеджанов Жанәлі, Балқаш қаласы, Қазақтың спорт және туризм академиясы, 2 курс студенті;

І орын – Әлішер Бөкен, Ақтоғай, 9-сынып;

ІІ орын –Иманалиова Сара, Жезқазған, Жезқазған гуманитарлық колледжі;

ІІІ орын – Риспанбетов Қайрат, Теміртау қаласы, №5 қазақ орта мектебі;

«Эссе» номинациясы:

Гран-при – Кайруллина Динара, Жаңаарқа, Ыңталы 11-сынып;

І орын – Жиенқұлова Ақерке, Жезқазған, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті;

ІІ орын – Төлеуғали Әлия, Жаңаарқа, Қарағанды гуманитарлық колледжі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары