$ 443.85  474.3  4.8

Жезқазғанда химия олимпиадасы басталды

Мысты қалада Орта Азия мен Қазақстанның тұнғыш академигі, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сатпаев атындағы химия пәнінен мектеп оқушылары арасында республикалық олимпиадасы бастау алды.

Химия – қазіргі өркениетте ғылым мен экономикасының негізгі саласы. Ал, біздің жас мемлекетіміз үшін химия тек жаратылыстану ғылымының бір саласы ғана емес, болашақ әл-ауқатты дамытудың негізі болып отыр.

Мысты қаламызда биыл екінші мәрте өтіп отырған жас ғалымдар жарысы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында өтуі – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл олимпиада ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан ғылыми бағыттағы химия пәнінен дарынды оқушылардың белсендігін арттыру мақсатын көздейді.

Олимпиаданың ашылу кезеңінде алғаш болып сөз алғанм «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева пен Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып өтіп, жас зерттеушілерге сәттілік тіледі.

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова жарысқа келушілерді құттықтап, жас дарындардың ішінде өздерін дәлелдейтін Қаныштай ғалымдар отырғанына сенім білдірді.

Білгірлер додасына Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарынан және Астана, Алматы қалалары мен Назарбаев зияткерлік мектептерінен 80-ге жуық оқушылар қатысады. Олимпиада екі айналымда Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің базасында өтті. І турда жас ғалымдардың теория бойынша білімі тексерілсе, ІІ кезеңде химиктер зертханадағы біліктіліктерін көрсетеді. Жарыстың әділ өтуін қадағалап, қатысушылардың арасынан кіл мықтыларды әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Құрманғали Бекішев төрағалық еткен қазылар алқасы анықтайтын болады.

Олимпиаданың қорытындысын келесі нөмірде жариялайтын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары