$ 447.4  477.55  4.76

Жезқазғанда болашақ химиктер арасында өткен республикалық байқау мәресіне жетті

Жезқазған қаласында академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне арналған республикалық жас химиктер олимпиадасы өтті. Шараны Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қарағанды облыстық әкімдігі ұйымдастырды.

Олимпиадаға Нұрсұлтан Назарбаев зияткерлік мектептері мен басқа да орта білім беретін оқу орындарының 9-сыныбында оқитын оқушылары қатысты.

70-тен астам оқушы бақ сынаған сайыста Жезқазған қаласы «Бiлiм-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Нұрбол Талғат, №1 ЖББМ оқушысы Диана Сафина және Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Жанбике Абат I, II, II дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ оларға Білім және ғылым министрлігінің, Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің сыйлықтары табыс етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары