$ 447.4  477.55  4.76

Жаһандық жылыну: әлемде ер адамдардың саны күрт азаяды

Ғалымдар жаһандық жылыну сәбидің ұл немесе қыз болып тууына әсер ететінін анықтады. Яғни, жаһандық жылыну тек Жер шарына ғана емес, адамның биологиясына да әсер етеді деп жазады Қазақпарат.

«Климаттың өзгеруі ерлер мен әйелдер санының пропорциясына әсер ететін болады. Ғалымдар жүргізген зерттеулерге сенетін болсақ, ауа температурасы көтерілген жерлерде ұл балалар көптеп туылған, ал жаһандық жылыну салдарынан туындаған құрғақшылық, орман өрті жиі болатын жерлерде ұл баланың туу көрсеткіші азайған. Жапония ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесінде ер адамдар мен әйел адамдардың санына ауа температурасындағы өзгерістер де әсер ететінін көрсетті», - деп жазады CNN басылымы. 

Зерттеуді жүргізген ғалымдардың айтуынша, жаһандық жылыну мен климаттағы өзгерістер жүкті әйелдердің денсаулығына, тіпті, жатырдағы баланың жынысына да әсер етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары