Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


16.03.2019, 16:18

Қарағанды тумасы Болат Әбдікәрімұлының 80 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

15 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар жылына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ғалым, ҚазАТУ-дың құрметті қызметкері Болат Әбдікәрімұлының 80 жылдығына орай «Кәсіптік білім берудегі инновациялар: мәселелер мен келешегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Шараға ҚР БжҒМ жауапты хатшысы А.А.Орсариев, ҚазАТУ ректоры А.Қ.Күрішбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Е.Н.Сағындықов, Б.Әбдікәрімұлының інісі Оралбай Әбдікәрімұлы, Болат Әбдікәрімұлының зайыбы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрім Тазагүл Мұқашқызы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Президенті А.Қ.Құсайынов, "Кәсіпқор" Холдингі" КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.Т.Бимендина, IT компанияларының Қазақстандық Ассоциациясының (АТКҚА) атқарушы директоры  Ж.Е. Увалеев, ғалымдар мен студенттер қатысты.

Басқарма төрағасы Ақылбек Қажығұлұлы өз сөзінде  саналы ғұмырын туған еліміздің игілігі мен өмірінің барлық белестерін білім жүйесін өркендетуге арнаған Болат Әбдікәрімұлының кәсіптік білім беу жүйесіне қосқан үлесіне тоқталды.  Шара көрнекті ғалым Болат Әбдікәрімұлының игі істері мен ерен еңбегін жастарға үлгі ету, абзал азаматты еске алу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

Конференция жұмысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі ннновациялық үдерістер, агроөнеркәсіптік кешенге (АӨК) IT мамандарын даярлау, жаратылыстану және математикалық ғылымдардың өзекті мәселелері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі гуманитарлық ғылымдарды дамыту үрдістері секциялары бойынша жалғасты. Отырыс барысында профессор Б.Әбдікәрімұлы шәкірттерінің жетекшілігімен жас ғалымдардың ғылыми мақалалары мен тезистері ұсынылып, еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде кәсіптік білім берудің тиімділігін жетілдіру сұрақтары қарастырылды.

Сонымен қатар, Болат Әбдікәрімұлы атындағы зертхананың ашылуы өтті. Кітаптар, ғылыми еңбектер көрмесі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Әбдікәрімұлы сайтының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.