«Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты кеш - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

16.06.2017, 12:30

«Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты кеш

Бүгін облыс әкімі А.Баталов жыл сайынғы дәстүр бойынша  Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің «Алтын белгі» белгісінің 590 иегерлерін құттықтап, олардың әрқайсысына төс белгіні өз қолымен табыстады. 

«Алтын белгі» иегерлерін құттықтаған Амандық Баталов бүгінгі түлектердің әлемге Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып-өсу, ел дамуымен бірге білім алу бақыты бұйырған ұрпақ екендіктерін, сонымен қатар, жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен  міндеттер жүктелетінін атап өтті.

- Бүгінгі күні өскелең ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбие алуына өңірімізде қолайлы жағдайлар жасалған. Білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық. Ардақты ұстаздардан алған сапалы білімдеріңіз бен саналы тәрбиелеріңіздің арқасында, ел сенімін ақтап, қасиетті Отанымыздың нағыз патриоттары болатындарыңызға сенемін. Алдағы алар асуларыңыз биік, мұраттарыңыз асыл болсын! Сапарларыңыз сәтті болсын! – дей келе,

А. Баталов түлектерді марапаттап, үздіктердің кеудесіне «Алтын белгі» тағып, гүл шоқтары мен планшеттер сыйға тартты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші