Биыл Астанада 17 мың бала мектеп табалдырығын аттайды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Биыл Астанада 17 мың бала мектеп табалдырығын аттайды

10.08.2017 18:11
Биыл Астанада 17 мың бала мектеп табалдырығын аттайды El.kz

Биыл жаңа оқу жылында Астанада өңірлерден келген 23 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, оның 17 мыңға жуығы - бірінші сынып оқушылары деп хабарлады қала әкімдігінің мелиа-орталығы.

Бірінші сыныпқа арналған мектеп бағдарламасы өткен жылы енгізілген жаңартылған мазмұнда жүргізіледі.

Бірінші сынып оқушыларын 95 жалпы білім беретін мектеп қабылдауға дайын. Астана қаласының білім басқармасының мәліметінше, елордада оқушылар орны жетіспеушілігі болуы мүмкін.

-Осыған байланысты, қазір мектептерге қосымша нысандар салу құрылысы аяқталуда. Оларды пайдалнуға 2017-2018 оқу жылының басында беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 6 мектеп құрылысы басталды. Жыл соңына дейін тағы 4 білім ордасының құрылысы басталады, - деп мәлімдеді Астана қаласы білім басқармасы басшысының м.а.Әнуар Жанғозин.

Былтырғы оқу жылында жалпы білім беру мектептерінің 1 сыныптары жаңартылған білім мазмұнына көшті.

-Көшу бірінші кезекте ұстаздар үшін оңай болған жоқ. Жаңартылған мазмұн сабақ беру тәсілін өзгертуді талап етті. Әр сабақта педагогтар критикалық және сараптамалық ойлауды дамытуға бағыттау технологияларын қолдану керек. Ең маңызды құрам критериялық бағалау жүйесі болады, ол білім мекемесінің ашықтығын қаматамсыз етуге мүмкіндік береді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру үшін қалалық мұғалімдер кеңесі құрылды, - деді Әнуар Жанғозин.

2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптардағы жаңартылған бағдарлама бойынша 4149 мұғалім жұмыс істейді. Педагогтардың 75 пайызы оқытудан өткен. Тағы 156 бастауыш сыныптардың ұстаздары және 787 пән мұғалімдері 2017 жылдың соңына дейін курстан өтеді. 25 мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көптілділік оқыту енгізілген, 99 ұстаз жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды сәтті жүзеге асыруда, 19 мектепте екі шет тілін оқыту енгізілді.

Барлық мектептер 100 пайыз ғаламторға қосылумен қамтамасыз етілген. 46 робототехника кабинеттері ашылады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші