Поляршы Роберт Скоттың 116 жыл бұрын Антарктидада ұмытып кеткен бәліші табылды

11.08.2017, 11:31

Поляршы Роберт Скоттың 116 жыл бұрын Антарктидада ұмытып кеткен бәліші табылды

Антарктидадағы Адэр мүйісінде XX ғасырдың басында жүргізілген полярлық экспедицияның заттары табылды. Олардың ішінде желінбеген бәліш те бар. Тәтті нан 100 жылдан астам уақыт бойы мұзда жатып қалған. Бұл туралы Stuff.co.nz басылымы жазды.

Бәлішті тауып алған жаңазеландиялық Antarctic Heritage Trust ұйымының ғалымдары оның поляр зерттеушісі британдық Роберт Скотқа тиесілі болуы мүмкін екенін айтып отыр.Өйткені, ол 1911 жылы Оңтүстік полюске барар жолдағы дәл осы шағын үйде тұрақтаған екен. Зерттеушілер бәлішпен бірге үй ішінен балық консервісін, бұзылған ет пен балық және тосап тауып алған.

Бәліштің өзі бүтін сақталғанымен, оның сыртындағы қаңылтыр ыдыстан түк қалмапты. Ал, бәліш оралған қағаз жабындыда H&P деген таңбалар бар. Яғни, тәтті нан британдық Huntley & Palmers кондитер фирмасында әзірленген.

Antarctic Heritage Trust ұйымының менеджері Лиззи Мик бәліштің сырт келбеті еш өзгеріске ұшырамағанын айтып отыр. Дегенмен, одан жағымсыз иіс шығады. Сондықтан оны жеп көруге тыйым салынған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші