Білім беруде еуропалық стандарттан қашпауымыз керек - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

08.09.2017, 17:30

Білім беруде еуропалық стандарттан қашпауымыз керек

Қазақстан білім саласына көп қаржы аударып, жастардың жан-жақты білім алуын қамтамасыз етіп келеді. Елбасының биылғы жолдауында да білім беру саласына ерекше екпін берілді. Мектеп болсын, ЖОО болсын, оқушының өз бетінше іздену дағдыларын дамыту мәселесі педагогтарға тапсырылып отыр. Осы мақсатта ұсынылған Назарбаев Университеті  тәжірибесіне негізделген жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп кеңейту туралы ұсыныс әлі де Парламенттің қарауында екені белгілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ЖОО-лары Еуропаның алдыңғы қатарлы ЖОО-ларымен тәжірибе алмасу мақсатында, байланыс орнатуға мемлекетіміз тарапынан көптеген мүмкіндіктер жасалған. Қазақстандық студенттер Еуропалық алдыңғы қатарлы ЖОО-да Болон процесі аясында, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Латвия, Болгария, Польша мемлекеттерінің алдыңғы қатырлы ЖОО-да бір семестр білім алып келіп жатыр. Бұл орын алған құбылыстардың барлығы Қазақстан университеттерінің оқыту жүйесі еуропалық деңгейге бейімделу жолында екендігінің бір айғағы болып табылады.

– Парламет қарауында жатқан Назарбаев Университеті  тәжірибесіне негізделген жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп кеңейту туралы ұсыныстан шошитындар бар. Олар мұның не екенін түсінбейтіндер болуы мүмкін. Көптеген оқу орындарының басшылығы, «жоқ, жоғарғы оқу орныдарының билігі, саясаты өкіметте болсын, өзімізге бермесін» деген кері пікірде. Бірақ біз дамуымыз үшін өзгеріс енгізуден қорықпауымыз керек, - дейді Алматыдағы «Тұран» Университетінің ректоры Рахман Алшанов.

Оның айтуынша, бүгінде жаңа мамандықтарды енгізу үшін әуелі билікпен, сосын оқу орындарымен келіссөздер жүргізіледі. Ал ол үшін уақыт шығын болады. Осылай келісімшарттар жасап жүргенде әлгі жаңа мамандыққа деген сұраныс жойылады. Осының салдарынан көп қазақстандық студенттер шекара асып кетуге мәжбүр екен.

– Қазір жаңа мамандықтар Ресей мен Қытайда. Ресейде оқитын қазақстандық балалардың саны 2-3 мыңнан асса, қытайдың өзінде 23 мың адам бар. Сонда заманауи, сұранысқа ие, жаңа мамандықтар бойынша білім іздеп кеткен жастар. Жаңа мамандықпен қатар, грант береміз, жатақхана береміз, жағдай жасаймыз деп тұрған соң кетеді. Ал біз жаңа мамандық жасау үшін қап-қап құжаттармен алысамыз. Бұл дұрыс емес, - дейді Рахман Алшанұлы.

Бұрынырақта өндіріс бөлек, білім беру бөлек дамып жүріп жатты. Ал қазір технология дамыған уақытта, жоғарғы оқу орнында білім беру мен өндірісті ұштастыруға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Нәтижесінде қолына дипломды жаңа алған жас мамандар өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге сеніммен қадам басады.

– Бұл мәселені Елбасы да айтып, талай рет қозғап келді. Жалпы, ЖОО тек білім беру керек. Ал мамандыққа жұмыс берушілер сертификат береді. Сондықтан дипломның тақырыбын да келешекте жұмыс берушілер бекітіп беріп, түлектің ізденіп қорғаған дипломы әрі қарай кәдеге асып, өндіріспен ұштасқан жағдайда оны сапалы маман ретінде жұмысқа шақырушылар қатары көбейер еді, - дейді Рахман Алшанов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде көптеген оқу орындары осы әдіске көшіп жатыр. Америкада диплом қорғаушы жұмыс сұраушы емес, жұмыс беруші деген ол студенттерді арнайы базамен қамту керектігін алға тартты.

Расында, бүгінде көптеген оқу орындарында сутденттерге арналған бизнес инкубаторлар, ғылыми ізденушілерге арналған орындар, стартаптар ұйымдастырылған. Нәтижесінде студенттер оқып жүріп-ақ, жұмыс істеуге, бітіргенде жұмыс беруші болып шығуға мүмкіндік алып отыр.

Ақбота Мұсабекқызы

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші