Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


21.04.2017, 10:13

Қазақстанда төленбеген алимент көлемі 7 млрд теңгеге жеткен

Елімізде алимент төлемей қашып жүрген әкелердің берешегі 7 миллиард теңгеге жетті деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Сот орындаушылары қыруар қаржыны қалай өндірерін білмей дал. Осы кезде 300 мыңнан астам іс олардың кабинетінде шаң басып жатыр.

Өйткені, жауапсыз әкелердің көбі денсаулығым сыр берді, жұмыс таппадым деген сан сылтау айтады екен. Әрі пәтер, көлік пен дүние-мүлкін туыстарының атына жазып қойған. Бір сөзбен айтқанда, заң жүзінде дымы жоқ. Сондықтан сот орындаушылары олардан соқыр тиын да өндіре алмай діңкелеп жүр. Осы мәселе талқыланған Мәжілісте бүгін мемлекеттік алимент қорын құру мәселесі қайта сөз болды. Яғни, ұл-қызына бір тиын да татырмайтын азамат үшін ақшаны Үкімет беріп, кейін шығын жауапсыз әкелерден өндірілмек. Бірақ оның қайтарымы болатынына күдік бар. Әрі оған бюджеттің миллиондары қажет. Әзірге баласына алимент төлеуді парыз емес, қарыз деп түсінетіндермен күрес күшейтілмекші.

Маргарита Одинцова, Жоғарғы соттың судьясы:
- Алименттен жалтарған әкелер көп. Арасында қымбат көлік мініп, шетелге демалуға баратындар бар. Міне осындай ерлерді әкімшілік тіпті қылмыстық жауапқа дейін тартуымыз керек.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.