Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


24.04.2017, 17:49

Астанада ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың саны азайған.

Қазіргі уақытта Астанада балаларға қамқоршылық, қорғаушылық және қолдау бөлімінде ата-ана қамқорлығынан айырылған 976 жетім бала тіркеуде тұр, оның 578-і – қамқоршылыққа және қорғаушылыққа, 73 бала патронаттық тәрбиеге алынған, 325 бала жетімдер үйінде және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуде деп жазады қала әкімдігінің ресми сайтында.

Қабылданған шаралардың және мемлекеттік төлемдер енгізудің нәтижесінде қалада жетім балалардың саны азайғаны байқалады.

Соңғы жылдары аталған санаттағы балалардың жалпы саны 83-ке азайған. Ал 2013 жылы - 1059, 2017 жылы 976 бала болған. Соның ішінле жетімдер үйлері тәрбиеленушілерінің саны 97-ге азайды (2013 жылы – 422 бала, 2017 жылдың 3 айында – 325 бала), жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған мекемелердің саны біреуге азайды (2013 жылы – 3, 2017 жылы – 2).

ҚР БҒМ мен Астана әкімдігінің арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған елорданың білім жүйесін дамыту туралы меморандумды іске асыру барысында жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерін тапсыру бойынша 2016 жылы осы мекемелерден 108 бала отбасыларға берілген. Соның ішінде, 43 баланы асырап алса, 30 бала қамқоршылыққа, қорғаушылыққа алынған, 6 бала патронатқа берілді, 29 бала биологиялық отбасыларына оралды.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында жыл сайын «Ризашылық – Доброта во благо детям!», «Қуан, сәби», «Қамқоршы күні» республикалық қайырымдылық шаралары өткізіледі. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.