$ 446.49  475.38  4.79

Билікке ренжіген ақтөбелік оқушы қызға кәсіпкерлер үй сатып әперетін болды (ВИДЕО)

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен өзге де бірнеше кәсіпкер бірігіп, тасқын судан зардап шеккен ақтөбелік 10 жасар оқушы қыздың отбасына үй сатып әпермек. Айта кетейік, бұған дейін "Диапазон" порталында жарияланған кішкентай Махаббат Ешімованың видеосұхбатынан кейін бұл отбасыға қолұшын созғысы келетіндер көбейген болатын.

"Зардап шеккен отбасыға жаңадан үй салып беруді жоспарлаған едік. Бірақ, оларды ұзақ күттіргіміз келмей, екі қабатты дайын үй сатып әперуді жөн деп шештік. Біз 159 шаршы метрлік үлкен үйді таңдадық. Оны сатып алып, Махаббаттың отбасына сыйлағымыз келді. Жиһазы мен тұрмыстық техникаларын сатып алып, орнатып қойдық. Алайда, Ақтөбе әкімдігі үйдің өзенге жақындығын айтып, бұл үйді пайдалануға рұқсат бермеді. Бірақ, шындығында ғимарат өзеннен алыста және қырда орналасқан. Енді сатып алатын өзге үй іздеп жатырмыз. Біз бастаған ісімізді соңына дейін жеткізіп, кішкентай қызға үй сыйламақпыз", - дейді кәсіпкер "Диапазон" тілшілеріне берген сұхбатында.

Қазіргі таңда Махаббат Ешімованың отбасы зардап шеккен өзге отбасылар секілді жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Қайрат Құдайберген

Қайрат Құдайбергеннің айтуынша, үй сатып алуға кететін ақшаның басым бөлігін берген кәсіпкер өзінің аты-жөнін көрсетпеуді сұрапты.

Естеріңізге салайық, өткен аптада су тасқыны кезінде үйі қирап қалған 10 жасар Махаббат Ешімова "Диапазон" порталына сұхбат беріп, үкіметке, жергілікті билік өкілдеріне ренішін көз жасымен жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары