$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте 1,5 жасар сәби 6 метрлік шұңқырға құлап кетті

Оқиға 20 маусым күні кешкі сағат алты шамасында орын алған. Шымкенттегі Тельман елдімекенінде орналасқан жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген 1,5 жасар сәби кір су төгуге арналған 6 метрлік шұңқырға құлап кетті.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар анықтағандай, сәби 1,5 метр тереңдіктегі темірбетонды жақтауға ілініп қалыпты. Оның аман қалуына да осы жайт себеп болды. 6 метр терең шұңқырдың түбіне құласа жағдай қайғылы аяқталатын еді», — дейді ОҚО ТЖД-ның бас маманы Павел Вишенин.

Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен шұңқырдағы темірбетонды жақтауларды бұзып, сәбиді аман-есен алып шықты. Оның денсаулығына айтарлықтай зақым келмеген. Дегенмен, оның ата-анасына мамандар қатаң ескерту жариялап, баланы жалғыз қалдырмауын талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары