$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбеде мектеп бітірушілер жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Видео Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында "Массовая драка выпускников" деген атаумен жарияланған. Онда бірнеше жігіттің өзара қақтығысып қалғаны көрінеді деп жазды "Sputnik Казахстан".

Видеоны жариялаған адамның айтуынша, төбелес 25 маусым күні Тургенев көшесінде болған. Жарияланған суреттерге қарағанда, оқиға орнына полиция көліктері келген. 

Кейбір қолданушылар пікірлерін қалдырып, төбелестің түлектер кешінде емес, үйлену тойында болғанын алға тартады – видеода той көйлегін киген қызды байқап қалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары