Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


27.06.2017, 11:13

Кәсіпкерлерге «Қамқор» мобильдік қосымшасы үлкен көмек беруде

Кәсіпкерлерді қорғаудың ерекше бір түрі «Қамқор» мобильдік қосымшасы. Оны әрбір іскер азамат ұялы телефондары мен гаджеттеріне тегін жүктеп, заңсыз тексерістің алдын ала алады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілі баяндады.

Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтату, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. «Қамқор» мобильдік қосымшасын «Googleplay» және «AppStopre» қосымшалары арқылы жүктеп, тексерудің шынайы тіркелгендігін білуге болатыны айтылды.

«Онлайн режимінде берілген өтініштер прокуратураға түсіп, жұмысты жеңілдетеді. Бұл дегеніміз кәсіпкерлердің сенімділіктерің нығайту. Осы инновациялық жобаның тиімділігі туралы облысымызда да мысалдар бар.

Мәселен, «Қамқорға» «Талдықорған комфорт» ЖК азамат Д. Талипов Талдықорған қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкеріне заңсыз әрекеті туралы арыз түсірген. Осы заңсыз араласу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды», - деді Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Алмас Қыдырбайұлы.

Кәсіпкерлікті дамыту экономиканың негізгі қайнар көзі болғандықтан, оны барынша сауатты қорғау басты міндет.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.