$ 448.15  483.46  4.86

Шымкентте бұрын әкімдік болған көне ғимарат өртеніп кетті (ВИДЕО)

Шымкенттегі ең көне ғимараттардың бірі өртеніп кетті. Бұл нысан бұған дейін Әл-Фараби аудандық әкімдігінің кеңсесі болып, кейін адвокатура ретінде халыққа қызмет көрсеткен. Қызыл жалыннан ғимараттың күлден басқа түгі қалған жоқ деп жазады Otyrar.kz.

Өрт таңертеңгі сағат 6 шамасында тұтанған. Оқиға орнына жеткен 17 өрт сөндіру көлігі мен арнайы 2 техника отқа қарсы түк істей алмаған. Екі сағат бойы жалынмен күрескен өрт сөндірушілер ғимарат жанып біткенше оны өшіре алмапты.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті билік өкілдері осынау ғимаратты бұзбақ болған көрінеді. Кейін бұл шешім күшін жойған. Енді өрт олардың әу бастағы жоспарын жүзеге асырып отыр. Жұмысшылар өртенген нысанның орнын тазаласа болғаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары