17.07.2017, 10:25

"Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры ұсталды

Алматыда ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры ұсталды деп жазады Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Биыл 13 шілдеде Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті шетелдік компанияның жетекшісінен 50 мың АҚШ долларын құны 12 миллион АҚШ доллар тұратын "МИ-171Е" тікұшағын сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры М.Д.Досымбеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" РМКҚ" бас директоры Т.Т.Сексенбаевті ұстады", - делінген хабарламада.

Параның жалпы сомасы - 100 мың АҚШ доллары болған. Күдіктілер сот санкциясымен қамалып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.