Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


28.07.2017, 12:31

Египет СІМ қамаудағы қазақ жастарының мәселесін шешіп беруге көмектеседі

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мысырда ұсталған алты қазақстандық азаматтың жағдайын анықтауды жалғастыруда: Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мысырлық әріптесі Самех Шукримен осы мәселені талқылады деп жазады sputniknews.kz.

Қос министр қазақстандық тараптың бастамасымен кеше кешкісін телефон арқылы сөйлесті.

"Қазақстан египеттік билік өкілдерінен жас жігіттерді ұстау себептері мен олардың қазір қайда екендігі туралы толығырақ ақпарат беруді сұрайды, сонымен бірге олардың денсаулықтары жайлы да білгісі келеді, деді Қ. Әдірахманов. Қазақстан Елшілігінің консулы мен ұсталғандар арасында байланыс ұйымдастыру қажет", — делінген Қазақстан СІМ хабарламасында.      

Шукри қойылған сұрақтардың орынды екенін бағамдап, толық түсіністік танытатындығына сендірді әрі мәселені шешуге барынша көмек көрсетуге уәде берді.

Студенттердің не үшін ұсталғаны әлі анықталған жоқ.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.