$ 448.15  483.46  4.86

Астанада биіктен секіріп өлген қыздың 20 жастағы жас ана екені анықталды

Астанада 4 тамыз күні көпқабатты үйден секіріп қайтыс болған қыздың кім екені анықталды. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның артында кішкентай баласы қалған.

"Шұғыл іздеу жұмыстарының нәтижесінде қайтыс болған қыздың кім екені анықталды. Ол Ақмола облысының 1997 жылғы тұрғыны болып шықты. Уақытша Астанада жігітімен бірге тұрып келген", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Колышбекова.

Оның айтуынша, осы күнге дейін қыздың туыстары мен достарынан жауап алынған. Марқұмның жақын таныстары айтқандай, ол жігітімен жиі ұрыс-керіске барған көрінеді. Сондай-ақ, өзінің құрбыларымен әңгімелескенде өлгісі келетінін де жасырмапты. Қазір оның артында кішкентай сәбиі қалды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 4 тамыз күні Асан Қайғы көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Жергілікті тұрғындар ауладан құлап қайтыс болған қыздың мәйітін тауып алып, дереу полицейлерге хабарлады. Қазір істің мән-жайын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары