$ 443.85  474.3  4.8

Ақмола облысында жергілікті тұрғынның төбесіне жай түсіп қайтыс болды

Ақмола облысы Жалтыр ауылында жергілікті тұрғынға найзағай түсіп көз жұмды деп жазады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Астрахан аудандық ішкі істер бөліміне 3 тамыз күні ер адамнан телефон шалып, Жалтыр аулының маңында 1955 жылы туған жергілікті тұрғынның көз жұмғанын хабарлады. 

«Жергілікті тұрғын мал бағып жүрген, сол күні кешке сағат 20-лар шамасында ол атқа мініп, елді мекенге қарай сиыр, қой айдап келе жатқан кезде, үсіне найзағай түседі. Салдарынан оқиға орнында малшы мен астындағы аты мерт болды», — деді Астрахан АІІБ өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары