$ 448.89  477.93  4.76

Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз елге оралды

Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық Тагина Хайтметова елге оралды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

"Қыз табылды, ол өздігімен Қазақстанға оралып, қазір туған-туыстарының жанында. Өзінің айтуынша, жағдайы жақсы", - деді Ә.Жайнақов.

Оның айтуынша, қыздың аман-есен табылуына қазақстандық елшілердің қосқан үлесі зор.

"Біздің консул Бахрейнге барып, жергілікті полицияның басшылығымен кездесті және үнемі құқық қорғаушылармен байланыста болды. Полиция қыз болуы мүмкін деген қонақ үйлерге барып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Менің ойымша, қыздың ата-анасы, жергілікті полиция мен елшілік жүргізген іздеу жұмыстары өз нәтижесін беріп, Тагина үйіне оралды", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі.

Жайнақовтың айтуынша, Т.Хайтметова психологиялық қысым көрген, қазір ол туған-туыстарының қолдауына мұқтаж. Әзірге, қыздың қандай жағдайда жоғалып кеткені айтылмай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары