$ 449.58  486.94  4.86

СҚО-да мектеп оқушысы суретке түсемін деп, тоққа түсіп қалды

Солтүстік Қазақстанда 15 жасар бала өзін суретке түсіремін деп өмірімен қош айтыса жаздады. 9-сыныптың оқушысы жоғары кернеулі бағананың басына шығып, ұялы телефонның фотокамерасына суретке түспек болған. Сол сәтте оны тоқ ұрыпты. Абырой болғанда оқоға орнына құтқарушылар дер кезінде жетіп, оқушыны бағананың басынан түсіріп алды.

"Бағананың басында салбырап тұрған жас бала туралы ақпарат Мамлют аудандық ІІБ-не келіп түсті. Аудандық ІІБ-нің басшысы Серік Әлжановтың айтуынша, жасөспірімді құтқару үшін электриктер мен полицейлер толыққанды операция жүргізген. Алдымен электр қуатын сөндіріп тастап, баланы бағанадан түсіріп алған, кейін дереу ауруханаға жеткізіпті", - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Абырой болғанда, оқушы бала аман қалды, оның тек денесінің кей бөлігі күйіп қалған. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Тіпті, ұялы телефонында бағанада тұрып түскен суреті де сақталыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары