$ 447.4  477.55  4.76

Астанада 900-ге жуық автобус жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлескені үшін жауапқа тартылған

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу жағдайлары жауапқа тартылмай қалмайды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығына «Астана LRT» ЖШС филиалы көліктік бақылау қызметі басшысының орынбасары Гүлден Жүсіпбекова.

Астаналық көліктік бақылау инспекторлары күн сайын тексеріске шығады және ЖҚЕ бұзушылықтарының әртүрлі түрлері анықталады, оның ішінде қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу бар. 

- Жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің мобильді телефонмен сөйлесуіне байланысты 880 факт тіркелді. Көліктік бақылау инспекторлары заң бұзушылыққа қатысты акт толтырады. Ол одан кейін Астана қаласының ІІД-не жіберіледі. Қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай айыппұл салынады, - дейді Г.Жүсіпбекова.

Ал, елордалық автопарктер күн сайын анықталған бұзушылықтар туралы есеп алып отырады және әр жағдай бойынша шешім шығарады.

- Автобус парктерінде қауіпсіздік бойынша кеңестер құрылуда. Онда талапты елемеген жүргізушілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылады. Әр жағдай – бөлек қаралады, - деді Жүсіпбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары