$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясын жүргізді (ВИДЕО)

Полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес бойынша екі күндік арнайы операцияның қорытындысын жасады деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарына қарағанда, екі күнде Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының жедел уәкілдері арнайы қызметтегі сарбаздардың қатысуымен ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады. 

"Қарасай ауданында 30 жастағы ер адам ұсталды, ол алаяқтық жолмен алматылықтың 3 миллион теңге алып қойған деген күдікпен ұсталды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек ауылында 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, одан травмат қаруы тәркіленді. Ұсталған екі адам да ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Сонымен қатар, Есікте жедел шара барысында ұсталған 22 жастағы жігіттер "Стриммер" тапаншасы түріндегі травмат қаруы тәркіленді", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Полициядағылардың айтуынша, олардың екеуі қазіргі уақытта қамауға алынған. 

"Жыл басынан бері өңір полициясы заңсыз сақталған 89 дана қару тәркіленді, олардың 6-уы травмат, 5 газ және 70-тен асасы тегіс ұңғылы қару және басқа түрдегі қарулар", - деп нақтылады полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео