Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


22.08.2017, 17:13

Нұрлан Ерімбетов жемқорларды пара алып жатқан жерінде атып тастауды ұсынды

http://press-unity.com

"Азаматтық альянс" жетекшісі, қоғам белсендісі Нұрлан Ерімбетов жемқор шенеуніктерді пара алып жатқан жерінде атып тастау керек деген ұсынысын айтты. Бұл туралы ол ҚР Мемлекеттік қызмет ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жемқорлықтың алдын алуға арналған жиында мәлімдеді.

Аталған жиында тәуелсіз сарапшылар Қаржы министрлігіндегі жемқорлық жайында пікір алмасты.

"Мені біздің кешірімшіл екеніміз таң қалдырады. Шенеунік 100 миллион теңге пара алады, кейін 5 миллион теңге айыппұл төлейді де құтылып кетеді. Мұндайларды пара алып жатқан жерінде атып тастау керек. Бұл біздің балаларымыздың, ақсақалдарымыздың ақшасы, біздің денсаулығымзға деп жинаған ақша" - деді Н.Ерімбетов жиын барысында.

Сарапшылардың айтуынша, Қаржы министрлігінің бөлімшелері жыл сайын жемқорлыққа белшеден батып келеді екен.

"Ең жемқор органдардың қатарында кеден қызметі мен экономикалық тергеу қызметі бар. 2001 жылдан бергі статистикаға қарасақ, осы уақыт ішінде 10 мыңнан астам адам жемқорлық дерегі бойынша сотталыпты. Сотталған адамдардың есебі бойынша Қаржы министрлігі екінші орында тұр, олардың 86 пайызы Мемлекеттік кірістер комитетінің, кеден және салық қызметі органдарының өкілдері. 2017 жыл басталғаы бері 4 лауазымды тұлға сотталса, олардың 88 пайызы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері", - дейді Агенттікттің Жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директоры Салауат Мүксімов.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.