$ 449.58  486.94  4.86

Әсет Исекешев қазақтармен қазақша сөйлесе алмай қиналды (ВИДЕО)

Кеше Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде болған жаппай төбелестен кейін жиналған тұрғындарға басу айту үшін қала әкімі Әсет Исекешевтің өзі келген болатын. Алайда, ол басу айту былай тұрсын, наразы топтың қазақша сұраған сұрақтарына әзер жауап берді. Яғни, ана тіліне шорқақ екенін көрсеткен Исекешев барынша қысқа қайыруға тырысып бақты.

Әкімнің тұрғындармен тілдесуі түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Онда Әсет Өрентайұлының тұрғындарға жағдайды түсіндіргісі келіп тұрғанын аңғаруға болады. Бірақ, әкімнің әрбір сөйлеміне орысша араласып кете беретіні әлеуметтік желі қоданушыларының ашуын да, күлкісін де туғызды.

"Кішкене конфликт болды, қазір бәрі жақсы... Біздің охранниктар, сосын индустар... төбелес болды. Қазір бәрі тыныш. Бәрі жақсы...", - деді Әсет Исекешев наразы топпен кездесуі барысында.

Айта кетейік, Астанада Үндістан азаматтары мен қазақтар арасындағы төбелес 2 қыркүйек күні кешкі сағат 22:00 шамасында орын алды. Полиция болған жайтқа тұрмыстық жағдайда болған төбелес деген баға берді.

Алдын ала болжам бойынша, алкогольді ішімдік ішіп алған үні жұмысшысы жатақхана аумағына кірмек болғанда, күзетші оны өткізу бекетіне кіргізбей қойған. Жерлестерін шақырып келген үнді азаматы сол жерде күзетшіні соққыға жыққан көрінеді. Артынша жаппай төбелес орын алып, екі азамат түрлі дене жарақаттарымен дәрігер көмегіне жүгінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары