$ 447.4  477.55  4.76

БҚО-да үш адамды өлтірді деген күдіктіге марқұмның туысы сенбей отыр

Батыс Қазақстан обысында үш бірдей адамды айуандықпен өлтірді деп айыпталып жатқан күдіктіге қайтыс болған 3 жасар баланың әкесі сенбейтінін айтты. Яғни, күдікті мұндай жауыздыққа баратын қылмыскерге мүлдем ұқсамайды дейді ол.

Еске салайық, оқиға 5 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысындағы Зашаған ауылында орын алған болатын. Полицейлердің мәліметінше, 23 жастағы күдікті Әділет Камалов 24 жастағы әйел мен оның 3 жасар кішкентай баласын және әйелдің құрбысын пышақтап өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген. Басты себеп - қызғаныш. Ол 3 жасар сәбидің анасымен бірге тұрғысы келген екен. Алайда, әйел мұндай ұсыныстан бас тартқаннан кейін ауыр қылмысқа барған көрінеді. Күдікті құрбандарының әрқайсысын кемі 18 реттен пышақтаған.

Күдікті полицейлерге ұсталысымен қылмысты өз мойнына алып, болған жайтты осылай баяндап берген. Алайда, қайтыс болған келіншектің күйеуі, яғни 3 жасар сәбидің әкесі күдіктінің мұндай қылмыс жасағанына сенбейді. Әйелі мен баласын өлтірген басқа біреу болуы керек дейді ол.

"Бәлкім бұл жігіт бұрын ұрлық үшін сотталған шығар, бірақ ол ауыр қылмыс жасайтын адамға ұқсамайды. Оның үстіне оның отбасы, балалары бар. Өзі әке бола тұра біреудің баласын өлтіруге қолы барады деп ойламаймын. Мен бұрын оны танымасам да үш бірдей адамды өлтірді деген күдікке сенбеймін", - дейді Мереке Серікжан "Уральская Неделя" басылыман берген сұхбатында.

Қазір күдікті 2 айға қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары