$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте радикалдар ұсталған "Гарант" сауда орталығында ұялы телефон саудасы қайта жанданды

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мен полицейлердің бүкіл Шымкентті аяғынан тік тұрғызған арнайы операцияның немен аяқталғаны түсініксіз болып тұр. Себебі, бұл туралы құзырлы орындардың ештеңе айтпай жатқаны өз алдына, радикалдық діни ағымды ұстанушылардың орталығы деп күні кеше ғана тазартылған «Гарант» дүкені әдетінше жұмыс істеп тұр. Мұнда ұялы телефон сататындар күндегідей саудасын қыздыруда деп хабарлады КТК телеарнасы.

Десе де, кешегі іс-шара мұндағы жұрттың қытығына тиген сияқты. Өйткені, әдетте міз бақпайтын сатушылардың көбі бейнекамараны көре сала тығылып әуре болса, кейбірі тіпті жағаласуға дейін барып жатыр. Тек, Шымкенттегі экстремисттерді ұстадық деп жар салған тергеу органдары операция туралы мағлұмат бермей отыр.

Айта кетсек, кеше арнайы жасақтың күшімен «Гарант» дүкені мен оның маңайы қоршауға алынып, жат ағымның жетегінде жүр делінген бір топ адам екі бірдей автобусқа тиеп әкетілген болатын. Ұрланған ұялы телефондарға экстремистік сарындағы хабарлама жазып, қайта сатып жүр деген күштік құрылымдар бір мезетте қаланың бірнеше жерінде тура осындай іс-шара жүргізген-ді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары