$ 444.32  473.33  4.76

Қостанай облысында жас полицей өзін атып өлтірді

Рудный қаласында уақытша ұстау абақтысының жас қызметкері өзін атып өлтірді деп жазады Alau.kz. Бұл деректі облыстық прокуратура мамандары растап отыр. Оқиға 1 қазан күні орын алған екен.

«Түнгі сағат 01:30-да Рудный қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысынджа жұмыс істейтін 24 жастағы конвоир қызметтік қаруымен өзін атып өлтірген. Алдын ала болжам бойынша, оның суицид жасауына сүйіктісімен болған ұрыс себеп болған», - деп мәлімдеді Қостана облыстық сотының басқарма басшысы.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай