Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


05.09.2017, 23:21

«Атамекен» ҰКП алматылық кәсіпкерлерге 9 бастамасын ұсынды

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес отырысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің қатысуымен «Атамекен» ҰКП қызметінің 9 бастамасы таныстырылды. Негізгі басым бағыттарға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында өңірлік палата директоры Юрий Тілеумұратов баяндады.

Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Биыл бизнес-ортаны жетілдіруге қатысты біршама жұмыс атқарылды. «Атамекеннің» барлық бастамалары жүзеге асырылып келеді. Еске салсақ, басым бағыттар қатарында жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялық желілер туралы ақпарат ашық болуы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматты орталықтарды құру, сауда мен қоғамдық тамақтануға бос орындарды бөлу, ШОБ үшін жалға берілетін коммуникациясы орнатылған шағын индустриялық аймақтар құру, консультативтік-кеңес беретін органдардың тиімді қызметімен қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдардың сатып алуларында жергілікті үлесті арттыруды қамтамасыз ету, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, Орталық атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар институттарының рөлін күшейту, жергілікті деңгейге инвестициялық шарт жасау функциялары мен инновациялық жеңілдіктерді беру, кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай картасын құру бар», – деді Юрий Тілеумұратов.

Сонымен қатар палата директоры Алматыда қаланың бас жоспары, инженерлік инфрақұрылым, энергетикалық қуаттылық тетіктері мен энергетикалық желіге қосатын бос орындар жайлы ақпарат енгізілген карта жасалғанын хабарлады. Аталған картаны ttp://almaty.genplan.kz/ сайтынан көруге болады.

Бұған қосымша Палатаның интернет-ресурсында «Схема» сервисі арқылы мемлекеттік жер кадастры туралы мәліметтер алуға болады.

Қыркүйек айында пилоттық жобада Open Almaty фронт-кеңсесі ашылды. Бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша азаматтарға мемлекеттік реттелмеген қызметтер мен кеңес беретін қоғамдық қабылдау орталығына айналмақ.

Жобаның жүзеге асырылуы 4 кезеңнен тұрады: мамыр айында open-almaty.kz порталы пилоттық режимде іске қосылды, қыркүйекте 500 шаршы метр болатын кеңсесі мен портал, call-орталық ашылады, сондай-ақ, оның аумағын кеңейту жоспарланған, уақыт өте мұндағы мемлекеттік органдар қатары артады. Ал, 2018 жылдың желтоқсан айында кеңсені 2000-2500 шаршы метрге дейін ұлғайтып, автоматтандырылған қызмет іске қосылады. Болашақта Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматта орталықта техникалық сипаттамалар беру жоспарланған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.