$ 449.58  486.94  4.86

Қостанайда зейнеткер әйел күйеуін араққа жұмсағаны үшін пышақтап өлтірді

Қостанайда дүкенге араққа жұмсап, мазалаған жұбайын өлтірген зейнеткер әйелдің ісі сотта қаралады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады. Сотталушы – 58 жастағы әйел, ол "Адам өлтіру" бабы бойынша айыпталып отыр. 

Қостанайда 24 тамыз кешке әйел күйеуі мен баласымен бірге үйде арақ ішіп, қала күнін атап өтеді. Ертесіне таңертең жұбайы мерекені тойлауды жалғастырмақ оймен зейнеткер әйелін оятады. Әйел ас үйде нан турап жатқан кезде күйеуі қасына келіп, "дүкеннен қарызға арақ алып келші" деп тағы да мазасын ала бастайды.

Мас әйел оны пышақпен қорқытып, мазаламауды сұрайды. Бірақ ер адам қоймағаннан кейін, арты жанжалға ұласады. Ұрыс-керіс кезінде әйелі күйеуінің кеудесіне пышақ сұғып алады. Алған жарақаттан ер адам сол жерде көз жұмады.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай