$ 448.15  483.46  4.86

Маңғыстау тұрғыны бір шөлмек сыра үшін сатушы қыздың бетіне қайнап тұрған майды шашып жіберді

Маңғыстау облысында сатушы қыздың қызметіне көңілі толмаған азамат оның бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберген. Денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат Қозыбайдың қазір жағдайы ауыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ал уайымға салынған Сымбаттың жақындарын алаңдатып отырған бұдан өзге тағы бір жағдай бар. Ол – полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты. Оның айыппұлмен құтылып кететініне сенімді жәбірленушінің туыстары енді прокуратурадан көмек сұрап отыр.

Осы оқиғадан кейін беті мен мойны, аяқ-қолы, кеуде тұсы күйіп, ауруханаға түскен 20 жастағы Сымбат Қозыбай өз-өзіне әлі келе алар емес. Айтуынша, өзін осы жағдайға душар еткен азамат таңғы 5-те асханаға келіп, сыра сатуды талап еткен. Бірақ заңды  бұзудан бас тартқан сатушының бұл әрекеті жігіттің ашуына әбден тисе керек, ыстық май құйылған қазанды бұған қарай теуіп жіберіпті.

Бірақ Сымбаттың туыстары қазір қыздарының көркін құртқан азаматтан гөрі полицейлерге ашулы. Өйткені олар күдіктіні іле-шала ұстағанымен, аз уақыттан соң босатып қоя беріпті. Бұл баппен жауапқа тартылғандардың айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін. Бірақ полицейлер мұнымен келіспей отыр. Оларға сенсек, іс алдағы уақытта басқаша болып өзгеруі де ықтимал.

Нұрбол Бишеханов, Мұнайлы аудандық ІІБ бастығы:

- Ауруханадан шығарылғаннан кейін ауыру тарихымен сот-медициналық сараптамасы тағайындалатын болады. Аталған сараптама қорытындысын алғаннан кейін алған дене жарағатының дәрежесіне байланысты қылмысы бойынша нақты күдіктінің әрекеттеріне баға берілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары