$ 443.85  474.3  4.8

Қостанайда бойжеткен 5 қабаттан секіріп кетті

Қостанайда 26 жастағы қыз көпқабатты үйдің 5 қабатынан секіріп кетті деп жазады alau.kz. Оқиға 3 қараша күні орын алған.

Болған жайтты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі де растап отыр. Айтуларынша, 3 қараша күні түнгі сағат 00:20-да Строительная көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің 5-қабатынан 26 жастағы қыз секіріп, өз өміріне қол салмақ болған. Көптеген дене жарақаттарымен оны жедел жәрдем станциясы қалалық ауруханаға жеткізді.

"Қызды біздің ауруханаға алып келді. Оның жамбасы сынған. Жедел операция жасадық. Оның аман қалғанының өзі таң қаларлық жайт. Қазір ол жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр", - деді Қостанай қалалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов.

Полицейлер бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғағандарын айтып отыр. Яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай