$ 449.58  486.94  4.86

СҚО-да зейнеткер әйел жаңа туған немересін пешке жағып өртеп жіберген

Жасы 60-тан асқан әйелдің мұндай қадамға неліктен барғанын дөп басып ешкім айта алмай отыр. Белгілісі, ол аздап араққа құмар болған екен. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу жүріп жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Оқиға Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылында болған. Ауыр қылмысқа барған зейнеткердің үйі орталық көшеленің бойында орналасқан. Мұнда әйелмен бірге оның қызы – марқұм сәбидің анасы Олеся Грудинская мен Олесяның 9 жасар ұлы тұрған екен. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуімен ажырасқан Олеся Грудинская ұлын ертіп әке-шешесінің үйіне көшіп келген. Бұрын да аздап араққа құмар анасы Любаға отағасы қайтыс болғалы қой дейтін жан болмапты. Бірақ ішкен күннің өзінде кемпір ешкімнің мазасын алмайды екен. Оның ауыр қылмысты мас күйде жасаған-жасамағанын қазір полицейлер анықтап жатыр.

Олеся Грудинская 19 қазанда қыз босанған. Араға үш күн салып үйіне келгенімен, шақалақтың қызуы көтеріліп, олар қайтадан ауруханаға түсіпті. Әжесі немереме дәрі егетін болды деп уайымдаған да көрінеді. Алайда оқиға болған күні неге екені белгісіз, ол қызы мен үлкен немересін нанға жұмсап, өзі сұмдық қылмысқа барған.

Мария Морозова, Дубровное ауылының тұрғыны:

- Ол пештің үстіндегі плитаны алып тастап, жанып жатқан отқа сәбиді қойған. Баланы  шешіндіріп тастапты. Олеся үйге келгенде, қызын таппай қалған. Пештен күйген еттің иісін сезгенде, ыстық плитаны қолымен алып тастап, шақалақты алып шыққан. Мен оның күйік шалған қолдарын көрдім.

Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада жатыр. Алдағы күндері жерленетін оған анасы әлі туу туралы куәлік те алып үлгермепті. Тек Валентина деп ат қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары