Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


03.11.2017, 20:23

Алматылық жастарға «Сенім жолында» кинотуындысы көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіде «Сенім жолында» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Әсия Байғожина кинотуындысы дін жолында шалыс қадам басқандардың бүгінгі өмірі турасында түсірілген. Киноны 2000-ға жуық студент тамашалап, діни әрі рухани тұрғыдан біраз мағлұмат алды. ҚР мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен түсірілген туындының жарыққа шығуына небәрі екі ай ғана уақыт қажет болыпты.

Халықтың террорлық шабуылдардан көрген зардабын, экстремистердің ағайындары көрген азабын жеткізу мақсатында түсірілген фильмнің алғашқы көрсетілімі студенттер тарапынан үлкен қолдау тауып, ықыласына бөленді.

Жаз айында Ақтөбеде лаң салған қылмыскерлердің түрме торына тоғытылғанын білеміз. Сол қылмыскерлердің қамауда жатып тәубеге келіп сөйлегендері, орны толмас өкініштері фильмнің негізгі арқауына айналған.

Ең алдымен сахнаға көтерілген философия факультетінің ұстазы, кинотанушы Олег Борисов осы жоба туралы сөз қозғады. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан жобаның ерекшелігін, өзектілігін айтып, былтыр осы сахнаға Ермек Тұрсыновтың келгенін, оның «Шал», «Жат» фильмдеріне талдау жасағанын жеткізді.

Көрсетілімнің модераторы есебінде қатысқан Олег Борисовтың сөзінен кейін сахна биігіне шақырылған режиссер, сценарист, аталмыш киноны түсіруші Әсия Байғожина деректі негіздерге құрылған, қоғам дертінің аясында оң көзқарас қалыптастыруға қауқарлы кино айналасында, жалпы мұсылман мен экстремистің айырмашылығы турасында пікір айтты.

«Осынша студенттің жиналғанына шын жүректен қуаныштымын және университет басшылығына алғыс айтамын. Өздеріңіз білетіндей, фильм 2016 жылы орын алған келеңсіздіктер мен жыл сайын үдеп келе жатқан діни дерттің негізін, адасушылардың қателіктерін көрсету мақсатында түсірілген. Өздеріңіз тамашалағандай, киноның өн-бойы тек деректі бөлімдерден тұрады. «Сенім жолында» деп аталуы да сондықтан. Түрлі діни ағымның уысынан шыға алмай, бала-шағасын, бауырларын құрбан еткен азаматтардың жақындары тартқан нағыз қасіреттің көрінісі», – деп ой түйген режиссер түсірілім барысындағы кездескен қиындықтарымен бөлісті.

«Әрине, түсірілім жоспарланып, қажетті қаражат министрлік тарапынан бөлінсе де, оны түсіру оңайға түспеді. Өйткені, «Сенім жолында» туындысының әрбір бөлімі көкірегі мұң-шерге толы азаматтармен тілдесу, олардың ішкі толғанысын білу мақсатында сұхбат ретінде түсірілген. Біз қоғамдық дұрыс бағытты қалыптастыру үшін әрбір бөлімнен кейін елге сыйлы азаматтардың ой-пікірін беріп отырдық. Ерлан қажы Малғажыұлы, Абдуғаппар Сманов, Абдужаппар Сманов, Айдос Сарым сынды дінтанушы, әлеуметтанушы азаматтарға алғыс білдіреміз. Өкінішіштісі, біз сұхбаттаспақ болған Абдусаттар Сманов ағамыз сол уақыттарда дүниеден озды», – деп абыроймен атқарылған жауапкершілікті істің  салмағын жеткізді.

Жалпы бір сағат көлеміне ғана жоспарланған көрсетілім өз межесіндегі уақыттан асып кетті. Әсия Байғожинаның сөзінен кейін кезек «Ашық микрофон» айдарына беріліп, студенттер сауалдарын жолдады. Студенттер тарапынан қойылып жатқан кейбір сұрақтарға жауап беру режиссердің өзіне қиындық туғызып жатты. Сұрақтар жалпы дін, қоғам, мемлекеттік органдардың жұмысы төңірегінде болды.

Көрсетілім соңында қайтадан микрофон алған Олег Борисов: «Ағайындар, қасиетті Құранның өзінде айтылғандай, нағыз мұсылман деп мұсылман бауырының жанында өзін қауіпсіз сезінтін адамды айтады. Ал бүгінгі қоғам айнасында мұсылманфобия немесе оларға деген теріс стероетип қалыптасқан. Қателеспеңіздер, жарылыс жасап, адам өмірін қиып жүргендер мұсылман емес, мұсылман атын жамылған жауыздар», – деді.

Осыншама пікір қалыптастыра алған, көптеген мәселелердің беймәлім тұстарын көрсете білген фильмге студенттер мен оқытушылар үлкен ризашылығын білдірді. Сахна төрінде режиссерға ҚазҰУ атынан сыйлық пен гүл шоғы табысталды. Діни сауаттылықтың әлсіреп, басқа ағымдардың насихат күші мен құпия тәсілдері азаматтарға тез ықпал етіп жатыр. Әсия Байғожина мемлекет тарапынан қолдау болса, дін жолындағы мәселелерді көтеретін кино түсіруге даяр екенін жеткізді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.