$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда паркомат істен шықса да жүргізушілерге айыппұл салмақ болған (ВИДЕО)

Алматы тұрғыны ақылы автотұрақ иелерінің заңсыз айыппұл салмақшы болғанын айтып шағымданды. Оның айтуынша, автотұрақтың ақша төлейтін паркоматы істен шығып, жүргізушілер ақысын төлей алмаған. Соған қарамастан автотұраққа басшылық ететін компанияданмын деп өзін таныстырған әйел көліктердің номерлерін суретке түсіріп, ақы төлемегені үшін айыппұл салынатынын ескертіп кетіпті.

Шағымданған тұрғынға хабарласып, мән-жайды сұрадық. Аты-жөнін жазбауды сұраған ол Түркістан базарына кірмек болған ол Мақатаев пен Пушкин қиылысында орналасқан автотұраққа жарты сағатқа көлігін қоймақ болған екен.

«Көлігімізді автотұраққа қойдық. Жаңа бір қыз келді де көліктердің нөмірін суретке түсіріп алып кетті. Неге түсіріп жатырсыз деп едім, «Ақша төлемесеңіздер біз сіздерге айыппұл саламыз» деді. Ақша төлейін десек паркоматтары істен шыққан. Сонда біз не істеуіміз керек?», - дейді алматылық тұрғын.

Жүргіуші амалдың жоғынан автотұрақ ақысын 500 метр қашықтықта орналасқан өзге паркоматқа төлеп келіпті. Оның айтуынша, Алматыдағы автұрақтардың басым көпшілігіндегі төлем қабылдайтын аппараттар жұмыс істемейді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары