$ 445.66  474.58  4.78

Алматыда «Жас Ұлан» ұйымының қатары жаңа оқушылармен толықты

Осыдан алты жыл бұрын негізі қаланған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатары жыл сайын жаңа мүшелермен толығып отыратыны белгілі. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Бұл жолы Алматы қаласының Әуезов ауданында балаларды ұйым мүшелігіне салтанатты қабылдау рәсімі өтті. «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, партияның «Жастар – Отанаға!» жобасы аясында, филиалдың конферец-залында мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдады.

Аталмыш іс-шараға Алматы қаласының Мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Кенжехан Матыжанов, Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Батима Ыбыраева, тыл ардагерлері Непомилуева Надежда Павловна, Козлова Нина Акимовна, Багаутдинова Равия Сирозовна және Қонысбаева Күлбадан Асқапқызы шақырылды. 

Оқуда, еңбекте, өнер және спортта өжет те қайсар, адал, елгезек ұландарымыз Елбасымыздың осындай салмақты сөзінен туындайтын міндетті шынайы сезіне отырып, Тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор Отан-ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымыз салтанатты түрде ант бере отырып, 47 оқушы «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. 

Мұрат Омаров мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдануымен құттықтап, оларға зор денсаулық, оқуда озат болып, шығармашыл да өнерлі, жан-жақты дамыған, табысты тұлға болып қалыптасуларына тілек білдірді. 

«Жас Ұлан» қатарына енген жас ұландықтардың «Біз, Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландары өз жерімізді, өз елімізді, өз Отанымызды қадірлеп, қастерлеуге, мәңгі сүюге, әрқашан қолдап, қорғауға уәде етеміз!» деген шынайы патриоттық, отансүйгіштік сезіммен сенім білдірді.

Айта кетейік, Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. 26 тамыз күні "Жас ұлан" ұйымының құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары бекітілді. 2011 ж. 1-қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев " Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.

«Жас ұлан» – өскелең ұрпақты жоғары рухани -адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары