Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


31.10.2017, 15:51

МӘМС: жүкті әйелдер қалаған перзентхананы өз еркімен таңдай ала ма?

Алматы дәрігерлері МӘМС аясында жүкті әйелдер қалай әрі қай жерде босана алатынын айтып берді. Айта кетейік, Қазақстан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізбек.

Алматы қалалық №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаеваның айтуынша, МӘМС бойынша кез келген жүкті әйел жұмыс істесе де істемесе де медициналық көмектің кепілдірілген көлемі бойынша тегін босандырылады.

«Жұмыс істемеген жүкті әйелдер, 3 жасқа дейін бала қарап отырған әйелдер әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға жатады. Сол себепті олар үшін сақтандыру қорына  2018 жылдың қаңтарынан мемлекет төлейді. Ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысшылар үшін жұмыс беруші төлейді», - деді Фарида Ағыбаева.

Егер, әйел адамға шұғыл көмек керек болса кез келген жерде тегін қызмет көрсетілетін болады. Алайда, жүкті әйелдерге тұрғылықты жеріне тіркелу шарт дейді маман.

«Жүкті әйелдер емханаға келіп өздері қалаған жалпы тәжірибелі дәрігерді таңдай алады. Олар әйелдің денсаулығын бақылап, босануға дайындыққа үйретеді. Сонымен қатар, оларға қауіпті белгілер туралы ақпарат беріп, ана болуға дайындайды», - деді ол.

Бір айта кетерлігі, жүкті келіншектер кез келген босандыру мекемесін таңдай алады.

«Әйелдер кез келген, тіпті ақылы перзентхананы таңдай алады. Тек бұл перзентхананың  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім шарты болуы тиіс. Яғни, ақша пациенттің артынан келеді. Бұл өз кезегінде аудандық, шалғай жерлердегі перзентханалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп ойлаймын», - деді Ф.Ағыбаева.

Босанатын әйел ешқандай ақша беруге тиіс емес, талдаулар, дәрі-дәрмек, емдеу шаралары, тамақ барлығы МӘМС пакетіне кіреді.

Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес мына азаматтар қорға жарналар төлеуден босатылады:

1) балалар;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10) зейнеткерлер;

11) әскери қызметшілер;

12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

15) уақытша ұстау оқшаулағышындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

Бұл ретте мемлекет әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жарналарды аудармайды: азаматтардың бұл санаттары ведомстволық желінің мекемелерінде қызмет көрсетуді алуын жалғастыратын болады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарналарды төлеуге өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да қосылады, ал мемлекет жарна төлеуден босатылған халықтың 14 санатын, соның ішінде бірінші кезекте халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын сақтандыратын болады.

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.