$ 444.32  473.33  4.76

Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде жантүршігерлік кісі өлімі тіркелді

Қанды оқиға қарашаның 17-нен 18-не қараған түні 5-шағынаудандағы №20 үйде орын алған деп жазады "Лада" порталы.

Марқұмның жанұшыра айқайлаған дауысын сол үйдің тұрғындары естіпті. Олар дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер бірнеше жерінен жерінен пышақталған ер азаматтың мәйітін тапты.

Қылмыс орнына полицейлерден бұрын жеткен жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болған ер азаматтың 25-30 жас шамасында болғанын айтып отыр. Көршілері оны дереу таныды. Айтуларынша, марқұм бұрын үйленбеген, осы үйдің тұрғыны екен. Сотталған. 

Әзірге полицейлер бұл жайтқа қатысты пікір айтудан бас тартып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары