20.11.2017, 11:53

Көкшетаулықтардың жаназа мен жерлеу рәсіміне жайылған дастарханын енді имамдар қадағаламақ

Көкшетауда жаназа мен жерлеу рәсімінде ас та төк дастархан жаюға тыйым салынды. Мұндай шешімді Көкшетау қалалық Ардагерлер кеңесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілдігі және «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі шығарып отыр. Үш жақты жасалған келісім нәтижесінде имамдар мен ардагерлер қаза кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермейді. Мұндай шешім ҚМДБ-ның «Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы» пәтуа кітабына сүйене жасалған.

Шешімнің көшірмесі әлеуметтік желілер арқылы таралуда. 

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Көкшетау қаласындағы барлық қоғамдық орындары жаназа және діни жоралғыларға орай берілетін ас кезінде етті турап әкелуге, осы шешімге қоса ұсынылатын дастархан мәзірінде көрсетілген тамақ түрлерін ғана ұсынуы тиіс. Етті дастарханға турап әкелу біріншіден үнем болса, екіншіден сойылған жылқының қалған етін келесі дұғаларына сақтап, пайдалануына болады»,  – делінген аталған шешімде.

 Дұға – той емес. Бір шаңырақтың, бір әулеттің қайғысы. Қайғыға бөгіп, қиналып отырған үй иелеріне астау-астау ет асып, мүше тарату оңай емес. Сол үшін де асқа етпен бірге қияр мен қызанақ, ал шәйға бауырсақ, сары май, қант, құрма, кәмпит, печенье қою ұсынылған.

Енді облыстағы барлық мешіттердегі асханаларда алдағы уақытта осы бекіткен талап бойынша ғана дастархан жайылатын болады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.