$ 449.58  486.94  4.86

Қазақ шенеунігіне 65 млн еуроға пәтер сатқан риелтор біздің елдің салықшыларын мәдениетсіз деп айыптады

Қазақстандық шенеунікке Париждің орталығынан 65 миллион еуроға пәтер сатқан бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен Қазақстанның салықшыларына ренішін білдіріп, тіпті олардың әрекетін мәдениетсіздікке балады деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Ресми орган өкілдері аталған жаңалықты ести сала оның жеке телефон номеріне хабарласып, шенеуніктің аты-жөнін атауды сұрапты. Өркениетті елдің өкілдері мұндай ақпаратты алу үшін алдымен ресми хат жазады дейді ол.

Айта кетсек, қазақстандықтың Елисей алаңының түбінен 65 миллион еуроға пәтер алғаны өткен аптада белгілі болған. 1200 шаршы метрлік зәулім үйдің терезесінен оқ та өтпейді. Бұған қоса, жұмбақ кісі премиум класстағы 4 Мерседес алған. Бастапқыда бұл сауданы жасаған Үкімет мүшесі екені айтылған. Бірақ, бұған сол үкіметтегілер сенбейді. Тіпті, мұны өсек дегендері де табылды. Ал, риелтордың өзі қалталының есіміне келгенде жұмған аузын ашпай отыр. Сондықтан, сан мыңдаған адамның көкейіндегі сұрақтың жауабын естиміз бе, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Игнас Мювиссен, брокер:

- Клиенттің атын жарияламауға құқығым бар. Ал, дәл қазір Қазақстан құрылымдарының меннен ол туралы сұрауға құқығы бар-жоғын білмедім. Егер әлденеден күдіктенсе, дәлелі болуы керек. Дегенмен, мен мүлікті шетелде саттым. Пәтерді Қазақстан аумағында сатсам ғана бірдеңе сұрауларына болар еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары