$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде «сақалдылар» сатып келген б/у телефондардың біразы ұрланған болып шықты

Ақтөбедегі «Астана» сауда үйінің маңында телефон сатып алып, сатып жүргендерден ұрланған ұялы телефон табылды, деп жазады Aktobenews.kz порталы.

Ақтөбеде өткен рейдтік шара барысында телефон сатып алып, сатып жүргендер полиция бөліміне жеткізілген болатын. Әлеуметтік желі арқылы тікелей таратылған рейд халық арасында түрлі ой туғызды. Алғашында Ақтөбе облыстық ІІД ұрланған заттар табылмағанын хабарлаған болатын. Ал прокуратура ұрланған телефонның бар екенін анықтады.

«Рейдтік шаралар барысында ұялы телефондар ұрлығының алдын алу көзделді. Бір сатушыдан криминалдық есепте тұрған телефон табылды. «Samsung Galaxy A3» маркалы ұялы телефоны ұрланған заттай дәлелдеме ретінде анықталды және ол алынды», — деп мәлімдеді Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Облыстық прокуратура бүгінде «Ұрлыққа тосқауыл» жобасы аясында түрлі жұмыстар атқарып жатыр. Соның арқасында жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы - 47%, мал ұрлығы - 16,5%, автокөлік ұрлығы -  38,5%, ал, пәтер тонау жайттары 21,7%-ға азайған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары