Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


09.11.2017, 13:40

Жамбыл облысында «Рухыңды ұлықта» атты акция өтіп жатыр

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Жамбыл облысы əкімдігінің Мəдениет, архивтер жəне құжаттама, Жастар саясаты мəселелері басқармалары бірлесіп, «Рухыңды ұлықта» атты акциясын өткізуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған шараны өткізудегі басты мақсат – әрбір Қазақстан азаматының санасын рухани жаңғырту, тұрғындарды туған жерін сүюге және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге шақыру, ұлттық рухани мұраны дәріптеу, сондай-ақ, Жамбыл атындағы Руханият орталығы туралы мағлұмат беру, келушілердің қызығушылығын арттыру.

Акцияға қатысушыларды Руханият орталығында бір топ белсенді жастар мен облыс əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенəлі Бықыбаев сәттілік тілеп, салтанатты түрде шығарып салды.

Байзақ ауданында басталған шараны Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбеков ашып, жүргізіп отырды. Онда экскурсовод Айніл Əбуəлі, облыстық кино орталығы директорының міндетін атқарушы Сайлаубек Лесбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсекүл Исматова, жас ақын Арайлы Жақсылық, облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Абдуалиева өз ойларымен бөлісіп, тұрғындарға Елбасы мақаласы мен онда қозғалған мəселелер, ұлттық құндылықтар жайында мол мағлұмат, терең түсініктеме берді. Аталмыш орталықтың жұмысы туралы баяндалып, Елбасы бағдарламалық мақаласының маңызы, 100 жаңа есім жобасы, жастардың жат ағымдарға еріп кету мəселесі, ескілікті салт-дəстүрлеріміздің жаңғыруы хақында салиқалы әңгімелер айтылып, пайымды пікірлер ортаға салынды. Бұл күні акция Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» əнімен түйінделгені де әдемі әсер сыйлады.

Ары қарай қатысушылар Тұрар Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы аудандарына бет түзеп, ондағы жұртшылықпен де осындай сипаттағы келелі жиындар өткізді. Тұрғындар да игі шараға жоғары деңгейде атсалысуда. Алдағы күндері облыс орталығынан бастау алған керуен өңірдің өзге де аудандарын аралайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы биыл сәуір айында отандық БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Ондағы басты мақсат – қоғамдық сананы жаңғырту.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.