$ 446.49  475.38  4.79

Таразда кәсіподақ ұйымының қызметкерлері марапатталды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында бүгінде республиканың барлық өңірінде түрлі деңгейдегі іс-шаралар өтуде. Осындай жиындардан Жамбыл облысының жұртшылығы да кенде емес. Мақала жарияланған уақыттан бері өңірдің аудан-қалаларында жүздеген іс-шара өтіпті. Барлығы да қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған.

Осындай кезекті шаралардың бірі бүгін Таразда өтті. Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымынының мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына қолдау ретінде алқалы жиын өткізді. Сондай-ақ бұл күні Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық сала қызметкерлерінің халқаралық қауымдастық қозғалысы құрылғанына биыл 25 жыл толуына орай бірқатар кәсіподақ қызметкерлері мерекелік медальдар және құрмет грамоталарымен марпатталды.

Елбасының мақаласын талдауда өз ойлары мен пікірлерін ортаға салған баяндамышылар Қазақстанның қарыштай дамуы әрине ол ең бірінші еңбек адамдарының арқасы екендігін атап айтты. Кедейшілік пен жұмыссыдықты жоюға арналған «Сыбаға» «Алтын асық» «Құлан» бағдарламалары ауылшаруашылық еңбеккерлерінің аяғынан тік тұрып кетуіне сеп болса, «Нұрлы жол» бағдарламасы ел эконмикасының дамуына үлкен үлесін қосуда.  Ал «Мәдени Мұра» бағдарламасына сабақтасып жатқан «Рухани жаңғыру»  туған жер,  өскен ел   тарихын терең біліп, қадірлеп, қастерлеуге жетелесе, ерен еңбегімен көзге түскен еңбек адамдары мен өнер қайраткерлерінің өмірімен кеңірек танысуға жетелейді. Жиын соңында  сала  жұмысының дамуына сүбелі үлестерін  қосып, елеулі еңбектерімен көзге түскен  бірқатар ардагерлер мен кәсіподақ мүшелері халқаралық кәсіподақ қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына орай мерекелік медальдар және құрмет грамоталарымен марпатталды. 

Оңласын Есіркепов, ҚР Мелекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:

- Жалпы мақаланың мазмұны еліміздің рухани қазнасын еселеп, тамырлы тарихымызды түгендеуге табыс әкелген «Мәдени мұра» «Халық тарих толқынында» бағдарламасымен сабақтасып, Елбасының Ұлытауда берген сұхбатымен, Қазақ хандығының 550 жылдығында сөйлеген сөзімен және «Ұлы Дала ұлағаттары» кітабында көрсетілген жайтармен үндесіп жатыр.

Еске салайық, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы биыл сәуір айында республикалық БАҚ беттерінде жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары